- Advertisement -

Батырдың ескерткішіне гүл қойды

176

- Advertisement -

Ел тарихындағы батырларымыздың есімдерін ұлықтап, қасиет тұту – бүгінгі ұрпақтың парызы. Қазақ халқының елдігі мен ерлігін, қайсар мінезін көрсеткен, ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірі Кеңес Одағының Батыры, байзақтық Ақәділ Сухамбаев еді.  Ол  21 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылып, 174-Қызыл Тулы Борисовск атқыштар  дивизиясының  628-Гродненск Қызыл Тулы полкінің 1-батальонының құрамында шайқасқан. Белоруссияны, Польшаны, Литваны азат ету үшін де соғысты. Ал «Стжельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған жойқын ұрыста ол Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулеметтен оқ шашқан дзоттың амбразурасын өз денесімен жапты. Осындай ерлік жасаған күніне орай кеше батырдың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев пен мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымы, қоғамдық кеңес, Nur Otan партиясы, түрлі сала өкілдері мен шаһар жұртшылығы гүл шоқтарын қойған соң, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, албырт жастық шағын оқ пен оттың арасында  өткізіп қаза болған Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Сухамбаевтың ерлігі мен есімін бүгінгі жас ұрпақ мәңгілік есте сақтайды.

Суреттерді түсірген 

Юрий КИМ.

Альмира Омарова 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support