Нан пісіріп, нәсібін тапқан
Тараз қаласының «Арай-2» алқабындағы үйіміздің қасында шағын нан сататын дүңгіршек бар. Оның алды тапсырыс берушілерден босамайды. Ол жерде Мұратжан деген бір ғана жігіт еңбек етеді. Ұлты – өзбек. Ебін тапқан азаматтың еңбегі екі қолға бір күрек таппай жүрген талайға үлгі деп айтсақ, артық болмас.





