Ине адамзатқа тарихтан белгілі болса, құлпы бар түйреуіш ерте ортағасырдан бері қолданылып келеді. Ол түйреуішті «фибула» деп атаған, қызығы деректерде фибуланың тек еуропалық негізі көрсетілген. Ертерекке көз жүгіртсек, 1849 жылы 10 сәуірде американдық механик Уолтер Хант өзінің ойлап тапқан өнертабысын ағылшындық Чарльз Роулерге сатып жіберген көрінеді. Осылайша американдық түйреуіш ағылшындық болып шыға келеді. Алайда, бұл ақпарат уақыт өте дәлелдене келе шындыққа жанаспайтыны, халық арасында тараған аңыз әңгіме екені әшкере болған. Шынтуайтына келсек, түйреуішті ешқандай американдық механик те, ағылшын өнертапқышы да емес, біздің ата-бабаларымыз 2000 жыл бұрын ойлап тапқан. Осы тұжырымға кәсіби археологтардың жазбаларын дәлел ретінде келтіруге болады. Өзбекстандық зерттеуші Лилия Николенконың жазбасынан түйреуішті қазақтың ата-бабалары 2000 жыл бұрын ойлап тапқанын, қазба жұмыстары кезінде қола түйреуіш табылғанынан аңғару қиын емес. Сондай-ақ, бұл ежелгі түйреуіш қазіргі қолданыстағы түйреуіштерге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы екен. Түйреуішті ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымыз күнделікті тұрмыс-тіршілікте түйменің, ілгектің орнына қолданғанын білеміз. Сонымен қатар, түйреуішке қатысты тіл-көзден қорғайды деген наным-сенімнің де бар екенін айтып өткеніміз жөн. Ал қазір түйреуіш аксессуардың бір түрі ретінде қолданылады.
Бұл тек бір түйреуіштің тарихы ғана. Ұлан-ғайыр қазақ даласының әлі ашылмаған, айтылмаған қаншама деректері мен ақпараттары бар. Сондықтан келер ұрпаққа бүгінімізбен қатар, өткенімізді де оқытып, олардың тағылымы мол тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылығын арттыруға талпынсақ деймін.
Гүлшат ТҮМЕНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді