Сол дүңгіршекті Мұратжан Абдуллаев осыдан 3 жыл бұрын 18 жасында ашты. Өзі елгезек, ашық-жарқын жігіт. Бәрімізді жылы шыраймен қарсы алады. Бір жағы тұрақты саудасын жүргізіп тұрмыз. Ал дүңгіршектің ішінде қамырын илеп, нанды дайындап, пісіретін де, сататын да – Мұратжан. Ол жұмыстар оңай емес. Ыстық күнде қызуы қатты пештің қасында кешке дейін жүру қайдан жеңіл болсын. Мұрат жан оған шыдайды. Себебі, болашағын осы бастан ойлап жүр. Отбасындағы тәрбие солай. Өз қаражатын өзі тауып, үйленуі керек. Отбасыңды асырауға шамаң келмесе, отау құрып не қайыр? Мұратжан болса: «Сіздерде баланы үйлендірудің біраз қиындығы мен парызы бар ғой. Бізде де соған шамалас. Өлі-тірі бермесең де қыздың ата-анасына сый жасайсың, басқа да міндеттеріміз бар. 3 миллион теңгеден кем кетпейді. Мен осы дүңгіршекте нан сатып отырып, оның жетпіс пайызын жинап қойдым», – деп жымиды. Отбасының қадірін осы Мұратжан секілді өздері қиналып, тер төккен жігіттер білер. Ал, ата-анасының байлығына сеніп бас құрағандардан жарға деген жанашырлықтың шығуы қиындау. Жұрттың бәріне топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен өзіміз қиындығын сезбеген нәрсеге жеңіл қарайтынымыз рас.
Осыдан он жыл бұрын әскерден немере ініміз келді. Бір апта таныс, туысты аралатып, сағынышы басылған соң, сол інімізге жұмыс іздедік. Аяғында нан пісіретін жерге жұмысқа кіріп еді. Екі күн жұмыс істеп, қайтадан ол маңайды көрмей кетті. Себебін сұрасақ, «Жұмысы ауыр» деді. Сонда әскери борыштың сынағына шыдап, Отан алдындағы борышын жақсы өтеп келген жігіттің өзі ыстық пештің алдында жұмыс істеуге шыдамады. Осыдан-ақ, жап-жас жігіт Мұратжанның қандай тәуекелге барып, тер төгіп жүргенін ұмытпаған жөн.
Оның үстіне үш жыл ішінде еш жаққа қыдырып шыққан емес. Қызық қуған жоқ. Бір жағы қызық қуса, мұнда жұмысы тоқтап қалары тағы бар. Барлық жұмыс жалғыз өзіне қарап тұр. Мұратжанның еңбеккештігі осындағы замандастарына үлгі болса дейсің. Мемлекетіміз жедел алға жылжып, жұмыссыздық саны да азаяр ма еді?..
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді