- Advertisement -

Жапония әлемдегі ең жылдам пойызды сынақтан өткізді

73

- Advertisement -

Жапония әлемдегі ең жылдам жолаушылар пойызын сынақтан өткізді, деп хабарлайды inform.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
«Жапония сағатына 400 километр жылдамдықпен жүре алатын жоғары жылдамдықты жолаушылар пойызын сынақтан өткізуді бастады. Сынақтан кейін жолаушылар тасымалының революциялық түрі тағы да жетілдірілетін болады» деп жазады агенттік.
Пойыз Сендай мен Аомори қалаларының арасында сынақтан өткізіледі. Бұл аралық 280 километрді қамтиды. Пойыз аптасына екі рет, түнгі мезгілде жүргізіледі.
Айта кетерлігі, жоғары жылдамдықты пойыздарды Жапония 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында енгізуді көздеп отыр.
«Сынақ уақытында пойыздар қандай жылдамдықта болатынына қарамастан, Жапония темір жол жүйесі әлем бойынша рекордты көрсеткішке ие болып қала береді», деп жазады басылым.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support