- Advertisement -

Даниярдың қарсыласы ауысады

38

- Advertisement -

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 15 наурыз күні мексикалық Карлос Хименеспен қолғап түйістіретіні туралы ақпарат бұған дейін БАҚ беттерінде тарап кеткен болатын. Алайда соңғы деректер отандасымыздың қарсыласы ауысатынын меңзеп отыр.
Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев қазақстандық былғары қолғап шеберінің мексикалықпен жұдырықтаспайтынын жеткізді. Карлос Хименес өз кезегінде қазақстандық басқа боксшымен, яғни бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаевпен шаршы алаңда кездесуі ықтимал. «Біз ә дегеннен Хименеспен келісімге келген болатынбыз. «Matchroom» оған сегіз раундтық шайқас үшін көп қаржы ұсынғанын естігенімде таңданғаным бар. Бірақ араласпадым. Ең бастысы ол біздің боксшымен жұдырықтасады деп сенген едім. Кейіннен оның Батыр Жүкембаевпен қолғап түйістіретінінен хабардар болдым. Білуімше, Хименестің бапкері Батыр Жүкембаевты таңдапты. Әйткенмен ол жекпе-жекте мексикалық аз табыс табатынын айта кеткен жөн. Бапкері Даниярды ірі боксшы әрі қауіпті қарсылас санайды. Бірақ Хименесті Батыр да нокаутқа түсіруі әбден ықтимал. Батыр да денесі ірі әрі соққысы мығым жігіт. «Matchroom» өкілдері Хименестің келісімге қол қоюына байланысты әлі де нақтылау жүргізуге ниетті екенін айтып, хабарласты. Алайда мен басқа қарсылас іздестіруге кеңес бердім», – дейді Зия Алиев соңғы ақпараттармен бөлісіп.
Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегін өткізетін уақыты жақындап келеді. Алайда отандасымыздың кіммен қолғап түйістіретіні әзірге белгісіз болып отыр. Жақын күндері қарсыластың есімі нақтылана жатар.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support