- Advertisement -

Украинада ерекше мультимедиалық көрме ашылды 

50

- Advertisement -

Киевте «Samskara» деп аталатын мультимедиалық ерекше көрме  ашылды. Интерактивтік инсталляциялар мен «360 градус» форматындағы кино әрі арт нысандар көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Таиланд және Украинаның мамандары еңбек еткен.

Әлемге цифрлық графика өнерінің қас шебері деп танылған — Ендрю картиналары адам баласын баурап алатын ерекше қасиетке ие. Өзін «Андроид» Джонс деп атауын сұрайтын талантты суретшінің арт-инсталяциясы – 103 сатылық Эмпайр-стейт-билдинг әрі Сидней Опера театрының ғимаратын түрлендіргені тағы бар. «Avatar» фантастикалық фильмінің концепциясын да жасауға зор үлес қосқан жасампаз суретшінің еңбегі енді міне, Киевте ашылған «Samskara» көрмесінде басқа қырынан танылды. Бұл жерде суреттер жарық және технологияның күшімен «қозғалып» тұрғандай әсер береді.

Анна Духновская, арт-директор:

— Көрменің әлемде баламасы жоқ. Киевте ашылғаннан кейін, осыған ұқсас арт нысан — Лос-Анджелес қаласында құрылды. Картина авторы Андройд Джонс өз көрмесі туралы былай деп сипаттама береді. «Менің салған суретім – адамның өзін өзі тануға бағыт беретін кілт» деп айтқаны бар.

2 мың шаршы метрді алып жатқан алып көрменің «Samskara» деп аталғаны тегін емес екен. «Samskara» сөзі Индияның көне әдеби тілінен аударғанда «өзіңмен сырласу, өзіңді тереңнен тану» деген мағына береді. Жалпы мұндай жарқын жобаны жүзеге асыру үшін АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Таиланд және Украинаның арт мамандары еңбек еткен. Киев көрермендерін әсіресе «360 градус» форматындағы кино да ерекше әсерге бөледі.

Анджали Кулик, көрермен:

— Көрмеде өте қызықты технологиялар тоғысып жатыр. Айталық, 360 форматындағы кино маған үлкен әсер берді. Мұндай әдіс көрерменін баурап алады, бұл технологияны бұрын соңды еш жерден көрмедім. Суретші картиналары жарықтың күшімен өзгеріске ұшырайды, оларға сағаттап қарап тұруға болады. 

Влад Мотыгуллин, көрермен:

— Әлемге әйгілі Андройд Джонсты клиникалық өлімге ұшырап, ажалдан аман қалған соң «өмірдің мәні не?» деген сауал мазалаған екен. Суретшінің әр еңбегінен осы сұраққа жан-жақты жауап беруге талпынған терең мағынаны көруге болады.

Картинадан бөлек көрмеден айнадан жасалған лабиринт, интерактивтік фото аймақ, виртуалдық әлемге жетелейтін VR ойыны және «Ғажайып орман» деп аталатын арт инсталляциялары қойылған. Көрме аясында сурет, музыка, кино саласының өкілдері бас қосып, шығармашылық кеш және шеберлік сағаттарын өткізіп тұрады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support