- Advertisement -

Екі оқушы суға кетіп, мерт болды

198

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлінде 16 шілде күні қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан бір оқушы суға кетіп, қайтыс болды. Жергілікті мекемеден алған мәліметке сүйенсек, оқиға былай болған…
Сол күні түс қайта Байзақ ауданы, Бурыл ауылынан бір отбасы «Зербұлақ» көлінің жағасына келіп демалған. Ата-анасы мен бауырлары балаларды қараусыз қалдырған. Яғни 14 жасар әпкесінің суға батып бара жатқанын байқаған 12 жасар інісі бауырын құтқармақшы болған. Бұл жағдайды ата-анасы байқап қалады. Жедел-құтқару жасағы тез арада жетіп, қызды жағаға алып шығады. Түрлі шараларды қолдану барысында қыз бала есін жинап, аман қалады. Ол үшін төтенше жағдайлар саласының бас маманы Айгүл Шахабаева мен жедел-құтқару жасағының қызметкері Владислав Рүстемов қолынан келген көмегінің бәрін көрсеткен. Алайда 12 жасар ұл бала судан шығарылғанымен, дәрігерлердің жедел көмегі оны ажалдан арашалап қала алмаған.
Сол күні 8 жасар тағы бір бала Талас өзеніне ағып кеткен. Жасөспірімнің денесі екі күннен кейін табылған. Білгеніміздей, баласымен бірге өзен жағасына барған ата-анасы жүзу біледі деп жеткіншекті қараусыз қалдырған. Сол кезде қатты ағыс баланы су түбіне әкеткен.
«Зербұлақ» көлінде қайтыс болған бала – Бурыл орта мектебінің 6-сынып оқушысы. Ал Талас өзеніне ағып кетіп қаза болған жасөспірім – Тараздағы №34 орта мектептің 2-сынып оқушысы.
– Жағдайды естіп «Зербұлаққа» жедел жеттік. Қайғылы оқиға орын алғаны өкінішті. Бұл жердегі жағдай ата-ананың бейқамдығынан орын алған. «Зербұлақ» қала аумағында болғанымен, қаза болған Байзақ ауданынан келген оқушы. Талас өзеніне ағып, мерт болған жасөспірім Тараздағы №34 орта мектептің 2-сынып оқушысы болып отыр.
Әрине, оқыс оқиға – ауыр қайғы. Жағдай балаға үлкендердің немкетті қарауы салдарынан орын алған. Бұл ретте ата-аналарға, жасөспірім балаларға өзен, көлге абайлап баруды, сақтық шараларын ұстануды ескерткіміз келеді, – дейді Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Қайрат Үкібасов.

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support