«Әлем аруы» байқауына қатысып жатқан моңғолиялық қыз Желі қолданушыларын баурап алды «Әлем аруы» байқауына қатысып жатқан моңғолиялық қыз Желі қолданушыларын баурап алды
«Әлем аруы-2017» байқауына Моңғолияның атынан шыққан аруының видео таныстырылымы Желіде вирусты болды. 24 жастағы Цэвээндашийн Энхжин видеода көшпенді өмір, салт-дәстүр, моңғолдардың тұрмыс-тіршілігі және моңғолиялық табиғаттың сұлулығы жайлы айтады. Қазірдің өзінде видео 75 мың рет қаралған. Салыстырмалы түрде — басқа қыздардың видеосы он мыңнан аспаған. Энхжиннің кәсібі — дизайнер. Ол Кембридж университетінің өнер тарихы факультетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта қыз бала Eden Design компаниясының басшысы. Еске салайық, «Әлем аруы-2017» байқауы 18 өарашада қытайлық Санья қаласында өтеді. Қазақстаннан бұл байқауға «Қазақстан аруы-2016» байқауының жеңімпазы қызылордалық Гүлбану Әзімхан қатысады. Ол медициналық колледжде «медбике» мамандығын тәмамдады.
Comments are closed.