- Advertisement -

Мемлекеттік БАҚ пен мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталдары іске қосылды

48

- Advertisement -

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы (http://program.2gov.kz) және мемлекеттік БАҚ порталы (http://news.2gov.kz) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты. 

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және т.б. орналастырылады.

Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады.

Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support