- Advertisement -

Тұрғындар көтерген мәселелер шешімін табады

62

- Advertisement -

Аудан әкімі Мейірхан Өмірбектің аудан тұрғындары алдындағы есепті жиынына облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысты. Аудандағы атқарылған жұмыстардың динамикасын аудан әкімі Мейірхан Өмірбек тұрғындарға слайд арқылы көрсетіп, түсіндірді.
Әкім сөзінде шағын және орта кәсіпкерлер қатарын көбейту, әсіресе жастарды кәсіппен айналысуға тарту жұмыстарына баса назар аударғанын жеткізді. Айта кетсек, былтыр 510 азамат өзінің кәсібін ашуға 256 миллион теңге қайтарымсыз грант жеңіп алған. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 10 азамат жаңашыл жобаларын қорғап, 19 миллион теңге қайтарымсыз грант иегері атанған. Олардың ішінде лимон егу, кір сабын өндірісі, бөдене құсын өсіру, жемістерді құрғату жобаларын ерекше атап өткен жөн.
Сонымен қатар ауданда ауыл шаруашылығында өнім көлемі 104,9 пайызға өскен.
– Ауданда ет экспорты бойынша жұмыстар жанданған. Қой, сиыр етін экспорттау 1,64 есе артқан. Мал басы да азайған жоқ. Аудан аумағындағы шаруашылықтар шет елдерден асыл тұқымды мал алып келуді қолға алды. Мәселен, «Аспара-Хан» шаруа қожалығы 56 ақ бас сиыр, «Алтын құс» шаруа қожалығы 52 бас герефорд, «Достық» 50 бас қара ала, «Самғат» 45 симметал, «Роза» 40 бас қара ала мүйізді ірі қара әкелген. Ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар – ет, сүт бағытындағы жұмыстарды жандандыру үстінде. Сүт бағытында – 6, ет бағытында 5 кооператив жұмыс жасауда. Жыл бойы ауданнан 29549,9 тонна сүт өндірілсе, ет 12523,2 тоннаны құраған. Жалпы ауданның барлық саласы жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр, – деген аудан әкімі одан өзге де салалардағы жетістіктерге тоқталып шықты.
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Зейнеткер Нұрсұлтан Жәнібеков орталықтағы балалар кітапханасының жай-күйін айтып, оған жаңа ғимарат керектігін айтты. Шынында, бұл мәселе біраз жылдар бойы өз шешімін күтіп тұрған еді. Биыл оған аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселе шешілетіндігін жеткізді аудан әкімі. Сонымен қатар осы азамат ауданға көкөніс цехы керектігін айтты. Бұл сұрағына М.Өмірбек: «Ауданда бірнеше жыл бұрын көкөніс цехы бар еді. Ол нарықта сұраныс болмағандықтан жабылып қалды. Цех иесі сол жылдардағы өнімі әлі өткерусіз цехта тұрғандығын айтты. Егер осы цехты қолға алып, жүргіземін деушілер болса, иесі оны жалға беруге дайын. Ал аудан көлемінде көкөністі өңдеуге қауқарлы цех Сұрат ауылдық округінде пилоттық жоба аясында ашылмақшы. Бұл цехты ашуға ниет білдірген азаматша қазіргі уақытта 10 миллион қаражатын алып, құрылғыларын сатып алып, дайындық үстінде», – деді.
Зейнеткер Бақытжан Сраилов Меркі шипажайы аумағында цифрлы телеарнаның сапасы нашар екендігін айтып, осы мәселені қолға алуды ұсынды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі өзінің орынбасары Марат Қасымға тиісті мамандармен бірге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 1 апта ішінде мәселені шешу жолын нақтылауды тапсырды.
Жарыссөзге шыққан Сұрат ауылының тұрғыны Күлайша Қалдарбаева облыс әкімі мен Үкімет басшыларына пилоттық жоба аясында халыққа көрсетіліп жатқан көмектерге алғысын білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Кази Жұмалиев жастарға тәрбие берудің, оларға үлгі көрсетудің маңыздылығы туралы ой қозғады.
Есеп беру жиыны аяқталған соң, аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Ләззат ҚҰРАЛБАЕВА

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support