- Advertisement -

Бағаны бақылауда ұстау – басты назарда

40

- Advertisement -

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Онда өңір басшысына бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуал және оған қатысты атқарылып жатқан шаралар барысы баяндалды.
Жиында бағасы шекті мәннен асып кеткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар жайы назарға алынды. Оның ішінде ұн, нан, картоп, сәбіз, пияз тағы басқалар бар. Асқар Исабекұлы аталмыш көкөністің өңірде жеткілікті деңгейде егіліп отырғандығын алға тартып, бағаларының өсуіне ешқандай негіз жоқтығын ескертті. Ол үшін жүйелі шаралар қабылдап, тұрақтандыру қорының жұмысын ширатуды тапсырып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, облыс әкімі бұған дейін де нанның бағасын ұстап тұруға қатысты жүйелі шешімдер қабылдау керектігіне көңіл бөліп, солтүстіктен жеткізілетін жоғары сапалы ұнмен қатар, өз облысымызда өсірілетін бидайды да ұтымды ұқсатудың маңыздылығына тоқталған болатын. Сондай-ақ бағаны тұрақтандыруда өңірдегі құрылысы жүргізіліп жатқан көтерме-тарату орталықтары мен әлеуметтік дүңгіршектердің санын барынша көбейтудің маңыздылығын атап өткен-ді. Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев бұл тұрғыда анықтау, талдау шаралары қолға алынғандығын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support