- Advertisement -

«Жетісумен» тең түсті

36

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры аясында «Тараз» футбол клубы Талдықорғанға қонаққа барып, жергілікті «Жетісумен» кездесті. Бұл ойында «Тараз» футболшылары қарсыластарымен ұпай бөлісті.
Түздегі ойында «Тараз» футболшылары жаман ойын көрсеткен жоқ. Оныншы орынға орныққан біздің жігіттер қолдан келсе үш ұпай иеленуге тырысып бақты. Түзде ойнағанына қарамастан бірнеше қауіпті шабуылдар да ұйымдастырып көрді. Алайда алаң қожайындарының қақпасынан саңылау таба алмады. Премьер-лиганың аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Бесінші орынға орналасқан «Жетісу» футболшылары да бұл ойында барын салып бақты. Алайда бұл күні қос команда футболшылары гол соға алмай тарқасты. Қорытынды есеп 0:0. «Тараз» бен «Жетісу» футболшылары еншілеріне бір-бір ұпайдан жазды.
Бұл турда оныншы орын үшін таласта «Тараздың» басты қарсыласы саналған «Атырау» футболшылары түзде Қызылорданың «Қайсарымен» кездесіп, қарсыластарынан айласын асырды. «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңген «Атырау» дәл қазіргі сәтте біздің командадан үш ұпай қалып келеді.
Дәл қазір «Астана» мен «Қайрат» чемпион атану үшін жанталасып жатса, «Атырау» мен «Тараз» оныншы орын үшін күресуде. Өйткені оныншы орын алған команда бірінші лиганың қола жүлдегеріне қарсы жасыл алаңға шығып, премьер-лиганың жалғыз жолдамасына таласатыны белгілі. Премьер-лигада «Тараздың» екі ойыны қалса, «Атырау» әлі үш ойын өткізеді. Дегенмен мұнайшылардың бір кездесуі әйгілі «Астанамен» болатынын ескерсек, ол ойында кімнің жеңімпаз атанатынын болжау қиын емес. Сондықтан қазіргі таңда «Тараздың» премьер-лигада қалуға таласу мүмкіндігі «Атыраумен» тең.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support