- Advertisement -

Жексенбіде жекпе-жек: Кім мықты?

56

- Advertisement -

Барлық спортсүйер қауым 6 қазан күнгі Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренада өтетін әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен украйналық Сергей Деревянченконың жекпе-жегін асыға күтіп жүр. Аталған кездесуде IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы таласқа түседі. Бұл екі белбеу «Канеломен» жұдырықтасқанға дейін Г.Головкиннің белінде жүргені белгілі. Ендігісі қалай болар екен?
Айтылып жатқан пікірлер де қызықты. Мәселен, Сергей Деревянченконың спарринг әріптесі, пуэрторикалық Эдгар Берланга: «Сергей – мықты боксшы. Оның Головкинді соққының астына алатынына сенімдімін. Себебі, ол – жан-жақты ізденді», – деп хабарлады Prospots.kz сайтында. Ал, Деревянченкоңыз да айылын жиып тұрған жоқ. «Соңғы сәтке дейін барымды саламын» деген сөздерін айтуда. Оларға қарсы біздің Геннадий Головкин не деді? Оның маңызды жекпе-жек алдындағы көңіл күйі қандай? Соған тоқталайық. Головкин баспасөз өкілдерімен өткізген мәслихатында: «Шынымды айтайын, мен өте қуаныштымын. Бізді сұрапыл айқас күтіп тұр. Мен дайынмын, толқып та жүрмін. Осы кездесуге сұмдық дайындалдық және көп уақыт жұмсадық. Сіздер шынымен де нағыз айқасты көргілеріңіз келсе, онда осы жекпе-жекті жіберіп алмаңыздар!» деген.
Әрине, жерлесіміз «Жеңіске жетемін», «Айқын ұтамын» деп алдын ала артық сөз айтпаған. Қазақ мақалында айтылғандай, арық айтып семіз шыққан жақсы ғой. Қызықтың көкесі жексенбіде. Ендеше жексенбілік таңда телеарналардан көрсетілетін Геннадийдің айқасын жіберіп алмаңыздар.

 Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support