- Advertisement -

Оқушыларымыз көрмеден ерекше әсер алды

60

- Advertisement -

Елбасы – Тұңғыш Президент кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық тарихи – өлкетану музейіне қойылған Елбасы көрмесі – баршамыз үшін қажетті құндылық. Біздің №44 орта мектепте 1400-ден астам оқушы білім алады. Жақында біздер үздік білімі және үлгілі тәртібімен ерекшеленген 100 баланы аталған көрмеге алып бардық. Олар Елбасы көрмесінен ерекше әсер алды. Әсіресе Тұңғыш Президенттің балалық шағы, мектепте үздік оқығаны, озат металлург болғаны, 22 жасында дүниежүзілік фестивалға қатысқаны қызықтырды.
Кездесу барысында «Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев оқушыларға отаншылдық жайында ой қозғаса, жас ақын Марал Хантөреқызы 2015 жылы Тараз қаласында сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен сәлемдесіп, арнау өлеңін оқып бергенін әсерлі әңгімеледі. «Көшбасшы» педагогикалық орталығының директоры Гүлнар Есмаханова да озық ойларымен бөлісті. Педагог-психолог Ботагөз Сәрсембекова Ұлт көшбасшысының әр бастамасы балаларға таусылмас тағылым екенін сөз етті. Мектеп директоры Баймұрат Жақсыбеков пікір білдіріп, Елбасының 30 жылдық ерен еңбегіне, әлем елдері алдындағы абыройына тоқталды.Елбасы көрмесінен алған әсер оқушы балаларды асқақ арманға жетелеп, мақсаттарына қанат бітіретінін айтты. Іс-шара барысында аталған мектеп оқушылары Айдана Малыханова, Қасиет Төлеген, Нұрай Орынтаева, Бақтияр Батырбек қонақтарға түрлі сұрақтар қойып, Елбасы көрмесінен алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы армандарға ұмтыла беретіндерін айтты.
Жиын соңында Елбасыға арналған өлеңдер оқылып, Елбасының сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Салтанат ЖОЛДЫБАЕВА,
№44 орта мектеп директорының орынбасары.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support