- Advertisement -

Барлық мүмкіндік жасалған

29

- Advertisement -

Қоғамның қозғаушы күші – біз сияқты жастар. Сондықтан кез келген мемлекет алдымен өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, бәсекелі орта қалыптастырудың жолын іздейді. Осы тұрғыдан алғанда біздің елде жасалып жатқан жағдай мен жас буынға беріліп отырған мүмкіндік те зор екенін айтуымыз керек. Жаһандану кезеңінде Қазақ елі де көштен қалмауы үшін өреніне өрелі тәрбие беріп, оларға отбасылық құндылықтарды сақтауға үйретуі қажет. Жасөспірімдердің бойына толерантты мінез-құлық қалыптастыруы керек.
Ғылым мен білім, сонымен бірге ақпараттық технологиялар ғарыштық жылдамдықпен дамыған заманда біздің мемлекетіміздің де саяси-экономикалық, әлеуметтік жүйесі көптеген өзгерістерді бастан кешуде. Кейінгі ұрпақ осыны айқын сезінуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында бұған айрықша тоқталды. Жалпы еліміздің басты жоспарында айтылған барлық мәселелер халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, еліміздің тұрақтылығын сақтап, өркендеуіне жетелейтінін атап өткен жөн.
Қазіргі таңда елімізде бизнесті қолдау бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Сәйкесінше жастардың көбі бизнеске бет бұра бастады. Әсіресе «Жас проджект» жобасы олардың екінші тынысын ашты. Одан бөлек, кәсіпкерлікке оқыту курсы мен бизнес жобалар байқауы ұйымдастырылуда. Өз ісін жаңадан бастағандардың кәсіпкерлік сауаттылығы мен бизнес бастаудағы ынта-жігерін арттыру мақсатында да түрлі шаралар өткізілуде.
Елімізде арнайы санат бойынша баспана беру – біз үшін үлкен қолдау. Ал «Болашақ», «Серпін» жобалары, 2019 жылдың жастарға арналуы, былайша айтқанда, жас ұрпаққа беріліп отырған айрықша мүмкіндік екенін айта кету керек. Ал бізден талап етілетіні – артылған сенім мен үмітті ақтау, белгілі нәтижелерге жетіп, тозатын емес, озатын бағытты таңдау. Сапалы білім алып, әрбір саланың өрісін кеңейту. Бір сөзбен айтқанда, артылған сенімге селкеу түсірмей, міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау қажет. Оған жастардың ерік-жігері, қажыр-қайраты жетеді. Осылайша олар Қазақстанды саяси, экономикалық және әлеуметтік салада жаңа деңгейге шығара алады.

Зайнуддин МАХУСЕЕВ,
облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support