- Advertisement -

Бақылау қатаң болады

40

- Advertisement -

Жамбыл облысының тұрғындарының тұрмысын арттыру жобасы Үкіметтен қолдау тауып, тиісті шешім шыққалы өңірімізде іске асыру барысы қызу жүргізілуде. Ол туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты айтылды. Жиынға аудан әкімдері мен пилоттық жобаға енген ауылдық округ әкімдері селектрлік режімде қатысты. Айта кетейік, аталған бірегей бастама бойынша бекітілген аудан әкімдерінің жұмыс алгоритімінің орындалу барысын барлап, саралап отыру мақсатында алдағы уақытта апта сайын осы форматтағы кеңес отырысы өткізіліп тұрмақ.
Бұған дейін сан рет сараланып, талай мәрте елеп-екшелген ауқымды жоба он ауылдық округте пилоттық режімде қолға алынғаны белгілі. Осыған орай аймақ басшысы аудандарға арнайы барып, аталған ауылдардың тұрғындарымен тікелей кездесуді қолға алған болатын. Бұған дейін Жамбыл, Жуалы, Талас аудандарына барған өңір басшысының жұмыс сапары келер аптада барлық аудандарда жалғасын табатын болады.
Бес бағыт бойынша жүзеге асуы жоспарланған жоба ауылдықтар үшін тұрмысын түзеудің таптырмас тетігіне айналмақ. Оған округтегі тұрғындардың қатысуға деген белсенді ынтасы негіз бола алады. Десе де кейбір кедергілер аудандардағы жұмыстардың әр алуандылығына әкеліп соғуда. Бұл туралы жиында баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашов мәлімдеді.
Асқар Исабекұлы осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударып, тиімді несиеге қол жеткізу үшін керекті құжаттарды түгендеуде туындап отырған мәселердің расында да жоқ еместігін ашық айтты. Өңір басшысы ол кедергілердің барынша тұрғындар тарапына қарай оң шешілуіне айрықша көңіл бөліп, құжаттар тізілімін тағы бір пысықтап өтті. Сондай-ақ тиісті шараларды өз деңгейінде ұйымдастыра алмай отырған аудан басшыларына жұмыстарды жандандыру үшін нақты тапсырмалар жолдап, бұл бағытта бақылау қатаң болатынын ескертті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support