- Advertisement -

Ақ жолақтың азабы

70

- Advertisement -

Еңбек Ері Т. Пірімқұлов көшесіне көлік кіре алмай қалды

Соңғы кездері Тараз қаласындағы басты көшелердегі жолақтардың өзгеруі халықтың жол-көлік қозғалысына кедергі келтіріп отыр. Бұрынғы бұрылуға, өтуге рұқсат беретін ала сызықтың үстін тұтастай бояп тастағандықтан бағдаршам тұсынан, яғни көше қиылысынан бұрылу қарсы беттегі көлік иелері үшін қауіпті жағдай қалыптастыратыны айтпаса да түсінікті.
Әсіресе Абай даңғылы бойымен келе жатқаныңызда Социалистік Еңбек Ері Түйте Пірімқұлов атындағы көшеге, яғни солға қарай бұрылуға рұқсат беретін ақ жолақ неге алынып тасталғаны түсініксіз. Енді сол көшеге қарай бұрылу қиындық туғызып, көлік жүргізушілер көше қиылысынан бұрылуға мәжбүр болуда. Осы жерде «Көліктердің бұрылуы үшін арнайы жасалған бұрынғы үзік-үзік ақ жолақ неге алынып тасталды?» деген заңды сұрақ туады.
Тараз қалалық полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы әкімшілік полиция бөлімінің басшысы, полиция аға сержанты Ильхом Газиев: «Абай даңғылында көлік өткізу қабілеттілігін арттырдық. Сөйтіп, жазатайым оқиғалардың пайда болу қаупін төмендеттік», – дейді-мыс. Ал Т.Пірімқұлов көшесінің тұрғындары бұрын-соңды бұл жерде ешқандай жол-көлік апаты болмағанын айтып, ақ жолақты алып тастағанына наразылықтарын білдіріп отыр.
Сондықтан Абай даңғылынан Социалистік Еңбек Ері Түйте Пірімқұлов атындағы көшеге бұрылатын жол сызығын қалпына келтірмесе, тұрғындар үшін қолайсыздық тудыратынын айтқымыз келеді.

Ерман Әбдиев

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support