Ресей президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

70

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондай-ақ, олардың ықтимал салдарларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украинаның кездесуін Беларусь Президенті А.Лукашенконың ұсынысына сәйкес биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде өткізу мүмкіндігі құпталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысын В.Путин өзінің Әзербайжан және Армения президенттерімен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті. Тараптардың қазіргі қиындықтарды талқылап, Таулы-Қарабақ мәселесі жөніндегі ұстанымдарын жақындастырғаны атап өтілді.
Соңында Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады.

Comments are closed.