- Advertisement -

Рамазан!

43

- Advertisement -

Шын ниетпен бет бұрып құбылаға,
Өтетін тәребінің түні дара.
Жан-тәніңді тазартқан Рамазаным,
Әр күніңді бөлейді шұғылаға!

Артық ауыз сөздерге салып тыйым,
Садақамен кедейдің танып күйін.
Шариғаттың шарттарын орындасаң,
Атанасың біреуі байыптының.

Ей, адамзат, үлгі бол бір-біріңе,
Тәубе де жарқыраған бұл күніңе
Мейірімді, сабырлы, қайырымды бол.
Міндетті бол Аллаға жүгінуге.

Бір Алланың жүреміз назарында,
Құлшылық қыл, намазды қаза қылма.
Ешқашан міншіл болма, көпшіл болшы,
Өмірдің бес күн жалған базарында.

Санаңды басқа талап басқарады,
Пенденің болмаса екен бос қадамы.
Бұл жалғанда жаңылмайтын адам бар ма,
Арсыз болсаң, туысың жат болады.

Баланған он екі айдың сұлтанына,
Рамазанда шүкірлік бұл таңыма.
Әркімнің мақсаттары іске асып,
Адал мұра қалдырсын ұрпағына!

Асқарбек МАҚСҰТОВ.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support