- Advertisement -

Жел энергиясын кәдеге асырмақ

25

- Advertisement -

Ауданда табиғи қорлардан жаңартылмалы электр қуатын өндіру ісі қолға алынуда. Бүгінде әрқайсысының құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт-ты құрайтын желден электр энергиясын өндіру жобаларын жүзеге асырғалы отырған «Wind Power city» және «Wind Electricity» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне Қызыләуіт ауылдық округі аумағынан жер телімі бөлініп берілді. – Аталған нысандардың жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жоба нақты іске асқан кезде 24 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады, – дейді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.
Бұл жобалар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда ауданға 3,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары басталып, қарқынды түрде жүргізілуде. Әзірге бұл жұмыстарға 7 адам тартылған.
Талас ауданы.

Жүрсінгүл Жақып

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support