- Advertisement -

Жастар жылының ұрпаққа берері мол

37

- Advertisement -

Болашақ – жастардың еншісінде. Дәл қазіргі жастар алдында үлкен мүмкіндіктер бар. Себебі Мемлекет басшысы жастарға, өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, биылғы жылды «Жастар жылы» деп атады. Қазақстанда жастар саясатына үлкен серпіліс беріліп, бағдарламалар жасалып, қомақты қаржылармен қамтамасыз етілуде.
Қазақстандық әрбір төртінші азамат жастар санатына жатады. Мемлекет басшысы Жастар жылының ашылу салтанатына айрықша назар аударып, еліміздің барлық өңірлеріндегі жастардың әрқайсысы өзі үшін маңызды екенін жеткізді. Елбасы жиналғандарға XXI ғасыр тек жаһандық сын-қатерлер дәуірімен ғана байланысты емес, сонымен қатар жас, жігерлі және талантты адамдардың уақыты екенін айтты. Әрбір қазақстандық жас сапалы білім алуға, шет тілдерді меңгеруге, инновациялар үшін ашық болуға ұмтылу қажеттігін ескертті.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімі» мен «Жастар ісі жөніндегі комитеті» бастамасымен Жастар жылына байланысты оқиғалар қатары түзілді. Мұнда Жастар жылының әрбір айына атау беріліп, соған негізделген іс-шаралар ұйымдастырылады. Университет жастардың сапалы білімімен қатар, оның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына да ерекше көңіл бөлуде. Ол үшін ғылыми жобаларды, инновациялық ұсынымдарды әзірлеуге көмек көрсетуде. Жастардың креативті идеяларын бір ортаға шоғырландыру мақсатында «TarMPU Jastary» атты орталық ашу көзделіп отыр.
Біз – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жастары Жастар жылында қазақстандық замандастарымызды өздерінің шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруға, қоғамды одан әрі біріктіруге, мейірімділік, ұлттық бірлік идеяларын нығайтуға, бүкіл әлемде бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған неғұрлым айқын әлеуметтік және саяси маңызы бар іс-шараларды өткізуге шақырамыз.

Орынқыз Жолдасова,
ТарМПУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support