Цифрландыру шараларын уақыт оздырмай орындауды тапсырды

164

Облыс әкімдігінде өңірлік жобалық басқару офисінің жұмысы және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылаған жиын өтіп, өңірдегі білім, денсаулық, мәдениет, қызмет көрсету және өзге де салаларды цифрландыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды. Облыстық инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Дамир Сегізбаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кездесіп отырған түйінді түйткілдерді тарқатып айтып берді.

Осыған дейін бағдарлама аясында 182534 адам оқыту жоспарланса, бұл жоспар бүгінге дейін толық орындалып үлгерілген. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы да арттыру жолдарын қарастыруды тапсырды.
2018 жылы техникалық мүмкіндікке сәйкес мектептердің 93 пайызының интернет жылдамдығын 4-40 мбит/с жоғарылату көзделіп отыр. Ал келер жылы 100 пайызға жеткізілмек. Десек те Талас, Шу, Қордай аудандарындағы көрсеткіш көңіл көңшітпейді. Сондай-ақ биыл Тараз қаласындағы 111 балабақшада электронды кезекке қою жүйесі толығымен автоматтандырылмақ.
Өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова бірқатар мәліметтермен бөлісті.
– Кең арналы интернет желісіне қосылған мектептер саны – 447 (100%). «Күнделік» жобасына 433 мектеп қосылған. «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына (100%) қосылған білім ошақтарының 447-ы 429 онлайн, 18 офлайн тәсілінде платформаны пайдаланады. Сымсыз ішкі Wi-Fi желісімен жарақтандырылғаны – 199 мектеп. 346-сы мектеп 983 интерактивті құрылғылармен (компьютер, проектор, экран) жабдықталған. 370-сі 1866 интерактивті тақтамен, STEM білім беруді енгізу үшін 83 робототехника кабинеттері жабдықталған. Облыс бойынша 11 ІТ сынып ашылды, – деді Р.Тұрмаханбетова.
Басқарма басшысының айтуынша, колледж түлектерінің жұмысқа орналасуын есепке алу және қабылдау автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (АЖ) енгізуге мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы жарияланып, әлеуетті өнім беруші анықталған. Бүгінгі таңда колледждер бойынша мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізілуде.
Басқосуда ауылдық клубтардағы ақпараттық орталықтардың ашылуы, мекемелердің компьютерлермен қамтылуы секілді жұмыстар да сараланды. Асқар Исабекұлы көрсеткіштерді көтеру үшін екі-үш жылдық жоспарға байланбай, тиісті шараларды сылбырлыққа салмай, уақытты оздырмай іске асыру керектігін ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.