- Advertisement -

Түнгі клубтағы камераға түсіп қалған департамент басшысы жұмыстан босатылды

127

- Advertisement -

Түнгі клубта жүрген сәті бейнежазбаға түсіп қалған Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспанов қызметінен кетті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі №211-ж бұйрығымен М.Оспанов өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес этикалық әдеп талаптарын бұзу деректері бойынша мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін қарау оның өз өтінішіне сәйкес қызметтен кетуіне кедергі келтірмейді.

Еске сала кетейік, Youtube арнасында 12 сәуір күні М.Оспановтың қатысуымен видео жарияланған. Видеода белгісіз біреулердің М.Оспановты түнгі клубтың залынан көтеріп, холға шығарғаны, оның кейін барып есін жиғаны түсіп қалған.

Бұған байланысты департамент басшысы мас күйінде болмағандығын және тәртіп бұзбағандығын, тек есінен айырылып, құлап қалғандығын айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support