- Advertisement -

Жарқ етіп сөнген жасындай…

261

- Advertisement -

Бақилық болған гимназия түлегінің кітабы жарық көрді

Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында 40 шақты кіші жоба жұмыстары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – білім ошағында ұлттың рухани тамырынан нәр алатын дәстүрлі сананы қалыптастыру, әдебиетімізді, мәдениетімізді, рухымызды патриоттық бағытта дамыту мақсатында ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеті. Салтанаты шара барысында облыстық «Знамя труда» газетінің директор-бас редакторы Бекет Момынқұл, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шарада «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған батыр» виртуалды жинағы көрерменге таныстырылды. Бекет Момынқұл баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы шығармаларын еркін талдап әрі оның мұрасына көпшіліктің қолжетімділігін қамтамасыз еткен ұжымға алғыс білдірді. «Аты аңызға айналған ұлт перзентінің мұрағаттары мен шығармаларын отбасындағы ата-ана мен баланың бірігіп оқуы игі іс болып табылады және қала мектептеріне үлгі ретінде көрсетілуде», – деді ол.
Мұнан соң шараға жиналғандар гимназия оқушысы болған жас ақын Аружан Тұрғанованы еске алды. Ғұмыры қысқа болған балауса ақынның «Аружаннан аманат» жыр жинағының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тәкен Молдақынов Аружанның жырлары туралы тебірене сөйлеп, жас талаптың өлеңдерін оқып отырып, тұңғиық ой мен терең сезімге берілмеу мүмкін еместігін жеткізді. Кеш барысында Аружанның сыныптастары оның өлеңдерін жатқа оқып, адал дос, сырлас сыныптасы жайында естеліктерімен бөлісті.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support