- Advertisement -

Білікті маман даярлау – басты мақсат

103

- Advertisement -

Еңбек нарығында кәсіптік-техникалық мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында жұмыс берушілерді тарту арқылы халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды. Мұндай бағдарлама ауыл шаруашылығы саласы мен жеке кәсіпкерлік нысандары үшін маман даярлайтын №14 Талас колледжі секілді оқу орындарына аса қажет.
«Дәнекерлеу ісі», «Фермер шаруашылығы», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандарын даярлайтын оқу орнында бүгінде 155 студент білім алуда. Аталған колледждің директоры Айман Тілеукееваның айтуынша, мұнда 59 адам еңбек етеді екен. 38-і – білікті педагог, 8-і – жоғары, 13-і – бірінші санатты мұғалім. Былтыр 12 оқытушы білім жетілдіру курстарынан өтіпті.
– Жақында жұмыс берушілер және оқытушылар құрамы бас қосып, алға бағдарлаған жоспарларымызды жүйеледік. Колледждің қазіргі мүмкіндіктерін сараладық. Біздің оқу орнында 3 зертхана, 1 спорт кешені жұмыс істейді. Кітапханада 3740 көркем әдебиет, 86 электронды оқулық бар. 100 орындық асхана, кітапхана, мәжіліс залы талапқа сай. Студенттердің 112-сі ыстық тамақпен, 56-сы жатақханамен қамтылған, – дейді директор.
Білімгерлерді дуальды жүйемен оқыту бойынша «Бекен», «Қыдырбек» шаруа қожалығымен берік байланыс орнатқан білім ошағында кейбір көңіл аударарлық мәселелер де жоқ емес. Практикалық сабақ үшін пайдаланылатын тракторлардың қолданыста жүргеніне 30 жылдан асқан, әбден тозығы жеткен. Жылу жүйесі де жөндеуді қажет етеді екен. Айман Дүйсенқызы жүйені жаңартуға биыл мүмкіндік қарастырылғанын айтты. Алдағы уақытта аталмыш колледж білікті маман даярлауға барынша күш салмақ.

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support