- Advertisement -

Жастарға жүктелер жүк ауыр

105

- Advertisement -

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қолдау көрсетуі және облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ТИГУ-дің мәжіліс залында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті.

Оған облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшелері, аталған оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Жиынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ашып, тарихи құжатта еліміздің еңсесін биіктетіп, жаһандық өркениет көшінің алдыңғы легінен көрінуіне мүмкіндік беретін өндірістік процестерді цифрландыру және заманауи бизнесмодельдерді игеру, ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу, транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, қаржы секторын қайта жаңғырту сияқты өзекті мәселелермен қатар, адами капиталдың жаңа сапасына қол жеткізу, соның ішінде қолдау көрсетуге мұқтаж әлеуметтік топтардың жағдайын жақсарту шаралары да жан-жақты қарастырылғандығын атап өтті. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Еркін Ақтаев Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, заман сұранысына орай бейімделіп, әрбір азамат жаңа технологияларды жетік меңгерсе еліміз қарыштап дамиды деген пікірін айтты. Ал ҚР мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Оңласын Есіркепов: «Елбасымыздың әрбір Жолдауы – тарихи оқиға, маңызды саяси құжат еліміздің жетістікке жету жолына септігін тигізуде. Бұл Жолдаудағы он негізгі міндет кешенді мақсатты жүзеге асыруды көздейді», – деді. Жиын барысында жастар ардагерлер насихаттаған Жолдаудың негізгі бағыттарын түсініп, өздеріне жүктелген міндеттерді сезініп қайтты.

Замира Андас,
ТарМУ-дың студенті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support