- Advertisement -

Аспалы көпір – қауіпсіздік кепілі

97

- Advertisement -

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 49 шақырымы біздің аудан аумағы арқылы өтеді. Бұйырса, елімізде автобанның құрылысы аяқталып, толығымен іске қосылғанда, бұл арадан екі бағытта жоғары жылдамдықпен ерсілі-қарсылы сапырылысқан көлік нөпірі пайда болмақ. Міне, сол кезде жаяу жүргіншілердің үлкен жолдың арғы бетіне өтуі қиынға соқпақ.
Осыны ескерген «Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігінің ұсынысымен халықаралық көлік дәлізінен аудан орталығына кіреберіс тұстан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің құрылысын бастады.
Аспалы көпірдің құрылысын Алматы қаласындағы «Мостстрой» ЖШС өткен жылдың қараша айынан бастап жүргізуде. Серіктестік прорабы Жанболат Әділовтің айтуына қарағанда, бүгінде бұл нысанның басында 15 маман жұмыс істеуде. Оның дені – жергілікті тұрғындар. Құрылысшылар қазір аспалы көпірдің нөлдік деңгейінің құрылысын жүргізуде. Яғни тереңдігі 6 метр бетонды іргетасы құйылуда. Көпірдің құрастырмасын бірнеше алып тіреулер ұстап тұрады. Олар темір арматуралармен шабақталып, дәнекерленеді, сырты монолит үлгісі бойынша бетонмен құйылады. Көпірдің алдыңғы және арт жағынан баспалдақ марштары, үстінде ұзын өтпе жолы болады.
– Көпірдің жалпы ұзындығы – 50, биіктігі алты метрді құрайды. Жаяу жүргіншілер көпірге аудан орталығына қарай кіреберіс жолдың тұсынан көтеріліп, арғы беттегі аялдаманың тұсынан түсетін болады. Адамдардың қауіпсіздігі, жүріс-тұрыс жайлылығы барынша ескеріліп, төбесі, қапталдары жабылады, баспалдақтардың ұзына бойына шырағдандар орнатылады, – дейді Ж. Әділов.
Аспалы көпірдің құрылысы мамыр айында аяқталуға тиіс. «Мостсройлықтар» бұған барлық жағдай бар екеніне сендіруде.

Абылайхан СӘРСЕН,
журналист

Жуалы ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support