Астананың ең элиталы мектебінің түлектері бітіру кешін қалай өткізді?

96

Кешелі бері соңғы қоңырау салтанатына қатысып, атаулы күнді айрықша атап өткен түлектердің қуанышы мен ұстаздарға деген алғысында шек жоқ. Солардың қатарында – елордалық NURORDA  мектеп-лицейі де бар.

 

Айта кетерлігі, мұнда соңғы қоңырау салтанаты ерекше сән салтанатпен өткізілетін көрінеді. Оқу ақысы жылына 1 млн 600 мың теңгені құрайтын мектептің соңғы қоңырауға қатысты қандай дәстүрлері бар? Алтын ұя мектептерін биылғы жылы қанша түлек тәмамдамақ? Осы сауалдарға жауап алу мақсатымен, NUR.KZ тілшісі NURORDA лицейіне барып қайтқан еді.

 

 

Бір қызығы, мектепте жыл сайын түске дейін өтетін соңғы қоңырау соғу салтанымен қатар, кешкі мерекелік бағдарлама әзірленетін көрінеді. Оған мектеп түлектерімен бірге, ұстаздар мен ата-аналар қатысады екен.

 

 

Сондай-ақ, мектеп түлектерінің сырт киімдері де көпшілікті таң қалдырды. Жиында оқушылар мектеп формасынан тыс, жоғарғы оқу орнында киетін, қою қызыл түсті мантия киді.

 

 

Түлектер ән айтып, би биледі. Мерекелік бағдарламада тіпті, қазақ тарихынан сыр шертетін сахналық қойылым да қойылды.  Ал, білім ордасының талантты күйшілері қазақтың халық күйлерін жарыса ойнап, өз өнерлерімен жұртты таң қалдырды.

 

 

Салтанатты шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Олар түлектермен бірге түрлі ойын ойнап, сый-сыяпатқа ие болды.

Сонымен бірге, мектепте түлектердің «өз қолтаңбасын қалдыру рәсімі» дәстүрге айналған көрінеді.

 

 

Салтанатты шара соңында түлектерді сахнаға аты-жөнімен шақырып, оларға арналған арнайы бейнеролик таныстырылды.

Кеш соңында түлектер мектеппен қоштасу әнін шырқап, әсем отшашудың куәсі болды.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті

Астананың ең элиталы мектебінің түлектері бітіру кешін қалай өткізді?

 

Биылғы жылы «Нұрорда» лицейінен 56 түлек бітірмек. Бұл туралы «Нұрорда» қазақ-түрік лицейінің директоры Орхан Өзтомсук мәлім етті.

«Осы жылдың бір ерекшелігі «Нұрорда» мектебіне 10 жыл толып отыр. Сол үшін бәрімізге бүгін ерекше күн болып отыр. Биыл түлектер арасында «Алтын белгіге үміткер» 8 оқушы бар. 29 үздік оқушымыз бар.

Биыл мектебіміз республикадағы үздік 50 мектептің арасында 6 орынды иеленді. Қазірдің өзінде 2-3 оқушымыз шетелге грантқа оқуға түсіп отыр. Әлі де баратын оқушыларымыз бар. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Түлектерге ақ жол тілей отырып, қалаған оқу орнына түсуге тілектеспін», — деді мектеп директоры.

 

ақпарат көзі nur.kz

 

Comments are closed.