- Advertisement -

Ашхабадтан алтынмен

95

- Advertisement -

Түрікменстан астанасы Ашхабадта жалауы желбіреген Азия чемпионатына ауыр атлетикадан ұлттық құрама оғландары үлкен мақсатпен аттанғаны белгілі. Зілтемірші жігіттеріміз қатысқан барлық додалардан алтын жүлде күтетініміз жасырын емес. Бұл жолы да үміт ақталды.
69 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Альберт Линдер дүбірлі дода барысында тамаша нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерді қуантты. Азулы қарсыластарының алдын ораған қазақстандық зілтемірші алтыннан алқа тағынды. Ол негізгі қарсыластарынан көш ілгері нәтиже көрсетті.
Жұлқа тарту сынында 148 келілік зілтемірді ырқына көндірген Альберттің нәтижесіне көңіліміз толды. Қажет болса, одан да ауыр салмақты еңсеретін күші бар секілді көрінді. Жарайсың дестік. Ал серпе көтеру сынында отандасымызға қарсылас шақ келмеді. Ол 187 келіні тартатын болат темірді бойынан асырғанда қуанышымызда шек болмады. Өйткені, қоржынымызға алтын жүлде түскен болатын.
21 жасар Альберт Линдер ұлттық құраманың басты үміттерінің бірі саналады. Қазақстандық ауыр атлет осыдан 4 жыл бұрын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жасындай жарқырап, алтын медаль иегері атанған. Мамандар оның ертеңінен үлкен үміт күтеді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support