Жауабын кітап айтады

87

Бір адам түнімен көз ілмейтін дертке шалдығады. Әлгінің ауруы алдында дәрігер де, емші де шарасыз. Әбден қиналған байғұс:
– Енді не істеймін? – деп көршісіне мұң шағады.
Көршісі көп оқитын белгілі ғұлама екен:
– Кітап оқы, – деп кеңес береді.
– Сонда ұйықтап қалам ба?
-Ұйықтап қаларсың, қалмассың, бірақ дөңбекшумен босқа өткен түндеріңе өкініп, жүйкең жұқармайтын болады.
– Қалай?
– Оның жауабын мен емес, кітап айтады.

Азамат ТАЛАСИ.

Comments are closed.