- Advertisement -

Кәрілікті жеңетін дәрі табылды

81

- Advertisement -

Голландияда Эразм Роттердамский атындағы университет іргесіндегі медициналық орталықтың ғалымдары кәрілікке қарсы дәріні тышқандарға сынап, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Cell журналында жарияланған баяндамада кәрілікке қарсы препаратты қабылдаған тышқандардың белсенділігі артып, олар жүгіріп өткен қашықтық екі еселенгені айтылған. Сондай-ақ ғалымдар кеміргіштердің жүні жылтырап, кейбір ішкі ағзаларының, әсіресе бауыр жұмысы жақсарғанын аңғарыпты.

Зерттеу авторлары жаңа препарат организмдегі қартайған жасушаларды жоятын қабілетке ие дейді. Мұндай жасушалар уақыт өткен сайын бөліне алмай, қартайған адамның ағзасына жинала береді, осылайша жараның жазылу процессін баяулатып, қатерлі дерттермен күресу қабілетін әлсіретеді. Сонымен қатар, бұл жасушалар адам ағзасын кәрілікке алып келетін зиянды заттар бөледі екен.

ВВС тілшісіне берген сұхбатында осы зерттеуге қатысқан ғалымдардың бірі Петер де Кайзер сынақ бір жыл шамасында жүргенін айтты. Оған адам өмірімен салыстырғанда 90 жастағы қариямен шамалас тышқандар қатысқан. Оларға аталмыш препарат аптасына үш рет егілген.

Зерттеу барысында тышқандарға препараттың ешқандай кері әсері тимепті. Енді ғалымдар бұл дәріні адамдарға сынап көруді жоспарлап отыр.

ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support