- Advertisement -

Қысқы Универсиада алаугерлерінің тізімі анықталды

91

- Advertisement -

Алматыда жалауы желбірейтін қысқы Универсиаданың басталуына 17 күн қалды. Байрақты бәсекеге әлемнің кем дегенде 55 елінен 2000 спортшы қатысады деп күтілуде. Алатау баурайында өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиада алауын елімізге белгілі спортшылар алып өтетіні белгілі болды.
«Қазинформ» сайты әр облыстан қандай спортшылар мәртебелі алаугер атанғаны туралы ақпаратты таратты. Тізімде біздің облыстың саңлақтары да баршылық. Олардың қатарында дзюдо күресінен әлем және Азия чемпионы, Рио қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, бокстан Азия және әскерилер арасында әлем чемпионы, «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы сапында бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы Олжас Сәттібаев, дзюдо күресінен әлем кубогінің қола жүлдегері, жазғы Универсиаданың күміс жүлде иегері Айгерім Мұратәлі, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жобасының үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев және республикалық дельфийлік ойындардың күміс жүлдегері Назгүл Әбітаева бар.
Естеріңізге сала кетейік, қысқы Универсиаданың алауымен саңлақтарымыз 28 қаңтар күні қала көшелерінде жүгіріп өтпек.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support