- Advertisement -

«МЫҢБҰЛАҚҚА» ӨРТ ҚОЙҒАН КІМ?

89

- Advertisement -

15936594_226700457783754_4367938667583204592_oТараз қаласындағы «Қайқармет» базары маңындағы «Мыңбұлақ» сауда кешенінде болған өрт оқиғасы жайлы түрлі ақпарат тарауда. Аталған мәселе бойынша тиісті мекемелерге хабарласқан болатынбыз.
Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары 7 қаңтар күні сағат таңғы 04.36-да Тараз қалалық ІІБ-нің жедел басқару орталығының «102» тетігіне «Мыңбұлақ» сауда орталығындағы өрт туралы хабарлама түскенін айтады. Сауда үйінің жалпы көлемі 2160 шаршы метрді құраса, өрттен оның 450 шаршы метріне зиян келген.
Өрт сөндіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 76 қызметкері мен 15 техникасы жұмылдырылды. ЖЭС авариялық қызметі мен жедел медициналық көмек көрсету қызметтері де оқиға орнынан табылған.
Аталған дерек ішкі істер департаментінде ҚР ҚК-нің 202-бабы, 3-бөлімінің 3-тармағы, яғни, аса ірі залалға әкеп соққан бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру есебінде тіркелген.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында, сағат 03.47 шамасында белгісіз азаматтардың «Мыңбұлақ» сауда орталығындағы бөтеннің мүлкін қасақана өртеу арқылы бүлдіріп, жойғаны анықталды. Сауда орталығының сыртқы бақылау бейнежазбасын көру кезінде сағат 03.47-де екі белгісіз азаматтың павильон терезесін таспен сындырып, ішке жанғыш зат лақтырғаны белгілі болды. Күдіктілер – шамамен 20-25 жастарда» делінеді облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.
Ал сауда орталығының директоры өрт кезінде үйде болғанын және бұл оқиға бойынша ешкімнен күдіктенбейтінін, сондай-ақ, басқа базарлар мен сауда орталықтарының иелерімен арада қандай да бір кикілжіңді жағдайлар болмағанын айтып, түсініктеме берген.
Өрт болған ғимаратты тексеру кезінде полиция қызметкерлері сауда орталығында өрт сөндіруге арналған құрылғылардың болмағанын анықтаған.
Сауда орталығындағы өрт салдарынан жәбірленушілердің шығыны алдын ала болжам бойынша шамамен 58 000 000 теңгені құрап отыр екен.
Бүгінде бұл қылмыстық істі ашу бойынша Тараз қаласы ІІБ жанынан жедел-тергеу тобы құрылып, сондай-ақ, өрт-техникалық сараптамасы тағайындалған.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support