- Advertisement -

Амангелді газ өңдеу зауытының адымы кең

327

- Advertisement -

Аудан орталығы Аса ауылында 2005 жылы басталған «Амангелді газ өңдеу зауытының» құрылысы 2010 жылы аяқталған болатын. Зауыттың жобалық құны 3 000,0 миллион теңгені құрады. 33 гектар аумақты алып жатқан осынау өндіріс орнында бүгінде 372 адам еңбек етуде. Олардың орташа айлық жалақылары 110 мың теңге көлемінде. Аудандағы алдыңғы қатарлы өндіріс орны болып табылатын зауыт жұмысының негізгі мақсаты – мұнай өнімдерін шығару, шикізатты өңдеу болып табылады. Кәсіпорында АИ-80 маркалы бензин, дизель отыны, керосин, мазут және жеңіл дестилятор шығарылады. Зауыт жылына 200 мың тоннаға дейін өнім өндіру әлеуетіне ие. Мұнда алғаш шикізат Қызылорда облысындағы «Құмкөл» және Ақкөл кен орындарынан жеткізілді.
Зауытта 2015 жылы 181 400 тонна немесе 2 121,4 миллион теңгенің өнімі, ал 2016 жылдың 9 айында 163 700 тонна немесе 1 1 898,8 миллион теңгенің өнімі өндірілді. 2015 жылы кәсіпорын 145 700,0 мың теңге, 2016 жылдың 9 айында 137 500,0 мың теңге салық төледі.
Бүгінгі күні «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Талас ауданындағы газ кенішінен тыс, сондай-ақ «Құмкөл» және «Шалқар» кен орындарынан мұнай шикізатын алып тұруға қазіргі экономикалық жағдайға, мұнай өнімдерінің құбылмалы бағасына сәйкес қысқа мерзімді келісімшарттар жасасқан. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында мұнда 163,7 мың тонна мұнай шикізаты өңделді. Оның ішінде, бензин, дистилятор, мазут, дизель отындары бар. Жамбыл ГРЭС-імен мазут жіберуге 50 мың тоннаға келісімшарт жасалған.
«Бүгінгі күні өнім түрлерін көбейту мақсатында жылына 40 мың тонна жоғары октандық бензин шығаратын тұрақтандыру блогы және сыйымдылығы 4160 тонналық сұйытылған газ сақтау қоймасын салу жобаларын іске асыруды қолға алудамыз. Тұрақтандыру блогы бойынша Қытай мемлекетінің «Джунда» консорциумымен инвестиция тарту және 100 мың тонна мұнай шикізатын алу бойынша келісім жасастық. Осы айда зауыттың тұрақтандыру учаскесінің және қысымдалған газ сақтау қоймасының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сауда нарығында тұрақтандырылған жеңіл дистилятқа сұраныс жоғары, ал оны алу жолы қысымдалған газ өнімінен айыру үдерісімен байланысты. Аталған инвестициялық жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім өндіру көлемін кеңейтуге және 10 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Зауыттың қазіргі уақыттағы шикізат қоры 14 мың тоннаны құрайды. Бізде қазір 372 адам жұмыс істеуде, дағдарыс жағдайына байланысты жұмысшыларды қысқарту жағдайына жол берілмеді. Еңбекақы мен салықтар бойынша да қарыздар жоқ. Жалпы, жобаның құны шамамен 2 миллиард теңге екенін жоғарыда айтып өттік. Биыл шамамен 1 миллиард 200 миллион теңгенің жаңа нысандары іске қосылып, қабылданды. Осы жұмыстардың нәтижесінде зауыт келешекте жобаны іске асырған соң, блок өнімінен пропан және бутан газдарын өндіруді көздеп отыр. Құрылыс жұмыстарының бүгінгі күнге 60 пайызы жүргізілген. Құрылысты жалпы жыл соңына дейін бітіру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Аса және Ақбастау ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалықтарынан 55 гектар жер сатып алу жолдары қарастырылуда.

Бауыржан Дайырбаев,
«Амангелді ГӨЗ» ЖШС директоры.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support