- Advertisement -

Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды

79

- Advertisement -

Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды. Бұл туралы «Хабар24» жазды.
Күрделі операцияны Ақтөбеде өтіп жатқан эндоскопия хирургтерінің құрылтайына қатысқан бірнеше елдің маманы бірлесе жасады. 45 жастағы ер адамның бауыры жаңа лапароскопиялық әдіспен алмастырылды. Сырқатқа өз баласы бауырының жартысын бөліп берген. Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Украина мен Латвиядан келген білікті хирург-мамандар 3 күн бойы шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірігіп, жаңа әдіспен күрделі операциялар жасайды. Облыстық балалар клиникалық ауруханасында мұндай шараның бірнешеуі жоспарда тұр. Негізі Ақтөбеде жыл басынан бері 4 рет бауыр алмастырудың ашық операциясы сәтті жасалды. Әсет Қалиев, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы: — Жалпы кешеден бастап Ақтөбе қаласына 100-ден астам хирург келді. 8 шеберлік сағаттары өтіп, біздің Ақтөбе облысының тұрғындарына 35 өте күрделі операция орындалатын болады. Эндовидеохирургиялық технология арқылы аз инвазивті жолдармен өте күрделі операциялар жасайды.

Ақпарат көзі: Zhambyl.news

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support