- Advertisement -

Қазақстанда 8 Иманғали Тасмағамбетов, 12 Кәрім Мәсімов тұрады

107

- Advertisement -

Қазақстанда 8 Иманғали Тасмағамбетов, 12 Кәрім Мәсімов тұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі бойынша, қазақстандық шенеуніктердің арасында ҚР Премьер-министрі Дариға Назарбаеваның аттасы көп екен. Елімізде 24 Дариға Назарбаева тұрады. Бұл тізімде Маңғыстау облысы көшбастап тұр. Еліміздің батысында 7 отбасы қыздарына вице-премьердің есімін берген. Сондай-ақ Алматыда – 5, ОҚО-да – 4 Д. Назарбаева бар. Олардың көбісі 1-13 жас аралығындағы қыздар. Сондай-ақ 48 жастағы Дариға Назарбаева да бар екен.

Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен аттас 11 адам бар. Үкімет басшысымен аттас балалардың көбісі Алматы облысында тұрады. Олардың негізгі жас мөлшері – 1-10 жас аралығында.

ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Акишевтің есімімен аттас 8 адам бар. Олардың ең кішісі 8 жастағы атыраулық Данияр Акишев.

Ал еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен аттас 7 азамат бар екен.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support