- Advertisement -

Қазақстандықтар бокстан Бранденбург Кубогында 4 алтын ұтты

76

- Advertisement -

Тоғыз қазақстандық спортшы жыл сайынғы еуропалық турнир — жастар арасында өтетін Бранденбург Кубогына қатысты. Ол 28 тамызда Одердегі Франкфуртта аяқталды.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Төрт алтын медальді   Рустам Хамидов (49 келі), Айдос Арапов (52 келі), Бек Нұрмағамбет (75 келі) және Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) ұтты. Бұдан басқа, біздің команда  үш күміс, екі қола медальға ие болды.   Жалпы командалық есепте 9 елдің ішінен қазақстандық спортшылар екінші орынға шықты. Бірінші орында 5 алтынмен — Ресей, үшінші орынды бір алтынмен Германия иеленді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support