- Advertisement -

Қазақстан Президенті Жапонияға сапармен барады

113

- Advertisement -

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы аясында Жапонияның парламентің сыртқы істер вице-министрі Мотоме Такисавамен кездесті.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қарашасында Жапонияға сапары қарсаңындағы Қазақстан-Жапонияның саяси және экономикалық ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке сектор бірлескен комиссиясының 6-шы отырысын өткізуге сапалы дайындық жүргізу маңыздылығы аталып өтілді. 2017 жылы жапондық капиталдық қатысуымен Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық және өндірістік жобаларды іске қосу күтілуде», — делінген хабарламада.

Е.Ыдырысов Жапония Қазақстан үшін ядролық қарусыздану және таратпау ісіндегі, атом энергиясын бейбіт пайдаланудағы одақтасы саналатындығын атап өткен. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Жапонияның 2015-2017 жылдары Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымына төрағалығы жемісті боларына сенімді екендігін айтты.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support