- Advertisement -

Қазақстан Президенті Паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

79

- Advertisement -

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Паралимпиада құрамасына Рио-деЖайнеродағы Паралимпиада Ойындары қарсаңында сәттілік тіледі.

«Қазақстан құрамасының Олимпиадада көрсеткен жетістіктері спортшы-паралимпиадашыларымызға шабыт береді. Бірнеше күннен соң олар Рио-де-Жанейрода жарысты бастайды. Оларға XV Паралимпиада Ойындарында сәтті өнер көрсетуді және жоғары нәтижелермен оралуды тілейік», — деді бүгін Елбасы ХХХІ Жазғы Олимпиада Ойындарының жүлдегерлерін марапаттау шарасында.

Айта кетейік, Паралимпиада Ойындары 7 және 18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода өтеді. Онда ел намысын 10 спортшы қорғамақ.

Жүзуден Роман Агалаков, Наталья Звягинцева, Ануар Ахметов мен Зүлфия Габидуллина, дзюдодан Ануар Сариев қатысады. Пауэрлифтерлер Гүлбану Әбдіxалықова, Раушан Қойшыбаева, Вадим Дукарт та паралимпиада медаліне таласып көреді. Жеңіл атлетикада ел намысын Аман Калкаев, садақ атудан Александр Медведев қорғайтын болады.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support