- Advertisement -

Бүгін БАТЭ мен «Астана» арасында қарымта ойын өтеді

62

- Advertisement -

Бүгін футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін плей-офф ойындарының қарымта матчында ел чемпионы «Астана» сырт алаңда БАТЭ командасымен кездеседі.

 Бұл ойын Беларусь елінің Борисов қаласында өтеді. Кездесу Астана уақыты 00:00-де басталады. Кездесуді «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Спорт мамандары бұл ойында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов негізгі құрамға мына футболшыларды шығаруы мүмкін деп айтып отыр: Қақпада Ненад Эрич тұрса, қорғаныс шебін Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Игорь Шитов құрайды. Сондай-ақ Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Патрик Твумаси, Агим Ибраими, Джуниор Кабанангалар бірінші минуттан ойынға араласады деп күтілуде.
Айта кетейік, алғашқы ойын 2:0 есебімен «Астананың» пайдасына шешілген болатын.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support