- Advertisement -

Олимпиада ауылынан артылған таза тамақ Риодағы кедейлерге тегін беріліп жатыр

86

- Advertisement -

Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Рио-де-Жанейро қаласы тұрғындарының кедей бөлігі тегін тамаққа қол жеткізді.

Мұндағы Олимпиада ауылында тұрып жатқан спортшылардан ауысқан таза тамақты қабылдап алып, осы қаланың әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындарына тегін беретін мейрамхана ашылды. Мұнымен қоса, мейрамханаға қайырымдылық ұйымдары да қол ұшын созып отыр, деп хабарлайды epochtimes.ru.

Жалпы мейрамхананы ашу идеясының авторлары олимпиялық спортшылардан қалатын таза тамақты ысырап болудан сақтап қалуды көздейді. Себебі жоғары сапалы азық-түліктің көптігі соншалық, оны аспаздардың дер кезінде әзірлеп беруге шамасы жетпей қалады екен. Мейрамханада бір күнде 108 адам тамақ іше алады.

Ақпарат көзі:  www.24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support