- Advertisement -

Майкл Фелпс 21 дүркін олимпиада чемпионы атанды

75

- Advertisement -

Америкалық жүзуші Майкл Фелпс 21-ші олимпиада алтынын жеңіп алды.

Майкл Фелпс, Конор Дуайер, Фрэнсис Хаас және Райана Лохте құрамындағы АҚШ құрамасы еркін стильде 4х200 м эстафетасын 7.00,66 көрсеткішімен ұтып, алтынды жеңіп алды. Күмісті Ұлыбритания құрамасы (7.03,13) алды, ал қоланы Жапония еншіледі.

Бірнеше сағат бұрын америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода Олимпиадада 200 метрлік қакшықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде жеңіске жеткен. Финалда Фелпс қашықтықты бір минут 53,36 секундта еңсерді.

«Күмісті» жапондық Масато Сакаи (1.53,40) алса, ал «қола» — венгриялық Тамаш Кендерешиге (1.53,62) бұйырды.

Осылайша, Фелпс 20 дүркін олимпиада чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, бұл Фелпстің Риодағы Ойындардан алған үшінші алтыны. Бірінші күні ол 1-10 метр аралығында еркін әдіспен жүзуде алтын ұтқан.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support