- Advertisement -

Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді

92

- Advertisement -

Аты аңызға айналған футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді. Ол бұл туралы өзінің твиттер парақшасында мәлім етті.

«Мен физиотерапия алуды жалғастырып жатырмын және 21 тамыз күні мерекелік іс-шараның жабылуына қатысуға ниеттімін. Сіздерді жақсы көремін», — деп жазады әйгілі футболшы өзінің твиттер жеке парақшасына.
Еске сала кетейік, Пеле Рио-де-Жанейро олимпиадасының салтанатты ашылуында төртжылдық доданың алауын тұтатады деп жоспарланған болатын. Алайда, ол бүкіл әлем алдына сүйеніш таяғымен шығуды қаламады.
Нәтижесінде, 5 тамыз күні Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде олимпиада алауын 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында марафон жүгіруде қола жүлде иеленген 46 жастағы Вандерлей Кордейру ди Лима жақты.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support