- Advertisement -

«Хабар» телеарнасы тікелей эфирде қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді көрсетеді

75

- Advertisement -

Қазақстандық боксшылар Рио-де-Жанейродағы  Олимпиадада өнер көрсетуге дайындалып жатыр, деп хабарлады «Хабар».

Бүгін отандық былғары қолғап шеберлері үш салмақ дәрежесінде: 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Біржан Жақыпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы және 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит мүмкіндігін сынайды.

Жекпе-жектер «Хабар» телеарнасында сағат 1.55-те  трансляцияланады.

Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан боксшылары толық құрамда келді. Ойындардың бірінші күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері  Берік Әбдірахманов қарсыласына жол беріп, алғашқы айналымнан аса алмады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support