- Advertisement -

Ақтөбелік боксшы Рио Олимпиадасында Әзірбайжан елінің намысын қорғайтын болды

83

- Advertisement -

Ақтөбе бокс мектебінің түлегі Камран Шахсыварлы Олимпиада лицензиясын иемдененіп, Бразилия жеріне аттанып кетті. Бірақ Рио-2016 ойындарында ол Қазақстанның емес, тарихи отаны Әзірбайжан елінің намысын қорғайды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбелік боксшы Рио Олимпиадасында Әзірбайжан елінің намысын қорғайтын болды

 

Жеке бапкері Болат Арынғазиевтың айтуынша, Камранға Ақтөбе жерінде еш жағдай жасалмапты. Сол себепті жаттықтырушы оған Әзербайжан намысын қорғауға кеңес берген. Камран Шахсыварлы Әзірбайжан елінің ұлттық біріншілігін жеңіп алып, бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарған.

Ал олимпиадалық жолдаманы лицензиялық турнирде жеңіп алған.

Естеріңізге салайық, тағы бір ақтөбелік боксшы Берік Әбдірахманов Олимпиада ойындарында Маңғыстау облысының атынан сыңға түседі. Ал Ақтөбе жерінің намысын бұл жарыста тувалық Артас Сана мен дүнген жігіт Фархат Харкилер қорғайды.

 

Ақпарат көзі:: Nur.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support