- Advertisement -

«ВК Тараз» – күміс жүлдегер

105

- Advertisement -

Волейболдан «Тараз» клубының ізбасарлары, жоғары топтың «Б» санатында ойнайтын «ВК Тараз» командасы Ақтөбе қаласында өткен шешуші кезеңде «Ақтау» командасын 3:2, «Хромтауды» 3:0, «Қарағандыны» 3:0, «Оралды» 3:0, «Шымкент» командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, маусым қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жоғары лига ойындарында «ВК Тараздың» Нүрбек Шәбденов, Арман Тұрсынбаев, Қуат Жұмабек, Ержан Әбиев, Денис Ещенко, Александр Фоменко сынды ойыншылары техникалық тұрғыда шын шебер екендіктерін таныта білді. Аты аталған ойыншылар шабуылда да, тосқауылда да шебер ойын өрнегін көрсетті. Команданың жақсы нәтиже көрсетуінде жаттықтырушы Ғани Өскенәлиевтің де үлесі зор екенін айта кеткен жөн.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support