- Advertisement -

Жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер азайды

100

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғани Дәулетбаев пен осы департаменттің қызметтік-тергеу бөлімінің басшысы Данияр Батырханов БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Ғани Дәулетбаев 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының жүзеге асырылу барысын сөз етіп, осы бағытта құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
– Қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол беру мемлекеттік орган өкілдерінің азаматтығына сын. Сыбайлас жемқорлықтың орын алуы және жемқорлық сипатындағы көріністер қоғамда жеккөрушілікті туғызады. Себебі, бұл жағдайлар еліміздің ішкі саясатына әсер етіп қана қоймай, өзге мемлекеттер арасында дәрежемізді төмендетеді. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізуде. Соның нәтижесінде департаментте лауазымды тұлғаларға қатысты жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер азайды. 2015 жылдың 4 айында жалпы 32 қылмыстық іс қозғалған болатын. Оның 24-і жемқорлық сипатындағы, 8-і лауазымдық қылмыстар еді. Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық әрекеттің саны 25-ке төмендеген. Жылдың 4 айында ішкі қауіпсіздік басқармасында 13 қызметтік тергеу жүргізіліп, жауапкершілікке 3 қызметкер тартылды. Ал 2015 жылдың 4 айында 8 қызметтік тергеу жүргізіліп, нәтижесінде 16 қызметкерге жаза қолданылған болатын, – деді ол.
Департаменттің қызметтік-тергеу бөлімінің басшысы Данияр Батырхановтың айтуынша, қалалық, аудандық бөлімшелерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кәсіби сабақтар, семинарлар, брифингтер, ашық есік күндері жиі өткізіліп тұрады екен. Бұл шараларға аудандық прокуратура, құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері белсенді қатысатын көрінеді.

Әзиза Әбдірайымова,
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support