- Advertisement -

Биыл Таразда жеті көше жөнделеді

96

- Advertisement -

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаржы бөлінгені белгілі. Бұл бағдарламаның игілігін тараздықтар да көріп отыр. Биыл Тараз қаласының жолдарын күрделі, орта және ағымдағы жөндеу­ден өткізуге 1959,7 миллион теңге қара­жат қарастырылған болатын.

Бұл қаржыға қалада жеті көше жөнделеді. Оның ішінде Әйтеке би көшесін (Жамбыл даңғылынан Абай даңғылына дейін) жөндеуге 292,6 миллион теңге жұмсалуы көзделіпті. Жөнделетін жолдың ұзындығы 1,44 шақырымды құрайды. Жолды жөндеуге тапсырыс беруші – Тараз қаласы әкімдігі тұрғынжай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, бас мердігері – Майра Молдабаева басқаратын «Айя Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Былтыр бұл компания Жамбыл даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты күрделі жөндеуден өткізген екен.
Қазіргі таңда Желтоқсан көшесі мен Абай даңғылы аралығындағы 700 метр жол (былтырдан өтпелі) күрделі жөндеуден өткізілуде. Биылғы жылғы сәуір айынан басталған жұмыс 20 мамырға дейін толық жүзеге асады деп көзделуде. Мұнда 35 адам уақытпен санаспай еңбек етуде. Құрылысқа 10 техника жұмылдырылған. Грейдерлер, жолды тегістейтін, жолға су шашатын автомашиналар тоқтаусыз жұмыс істеуде. «Айя Сервис» ЖШС-ның аға прорабы Тұрсынәлі Көпбосынов қажетті адам және техника күші жеткілікті екенін айтты. Қажетті материалдардың дені өз облысымыздан алынып, жұмысшылардың жергілікті тұрғындардың тартылуына басымдық берілген. Машинист шебер Хаким Мырзахметов жұмыстың сапалы жүргізіліп жатқанын сөз етті.
Енді біраз күннен кейін автокөліктер Әйтеке би көшесіндегі тақтайдай тегіс әрі сапалы жолда жүйткитін болады.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support