- Advertisement -

Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

57

- Advertisement -

Бүгін 80 жасқа келіп отырған ақын, жазушы Олжас Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 18 мамырда қол қойды. «Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», — делінген Жарлықта. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support